19 мамыр 2022 09:59

Форт-Шевченко жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: lada.kz Сурет: lada.kz

Форт-Шевченко орталық жағалауынан өлі итбалықтар табылды, - деп хабарлайды lada.kz.


Форт-Шевченко орталық жағалауынан өлі итбалықтар табылды, - деп хабарлайды lada.kz.

Жергілікті тұрғын Ғалияның айтуынша, 18 мамырда Форт-Шевченко жағалауында баламен серуендеп жүрген кезде 2 өлі итбалықты байқаған.

"Әрі қарай жүрсе, тағы да өлі итбалықтар болуы мүмкін, өйткені алыстан құстар бірдеңе шұқып жатқанын көрдім", - дейді Ғалия.

Түпқараған аудандық әкімдігінің қызметкері қазір өлі итбалықтарды жинау және өлім себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Еске салайық, бұл Каспийдегі итбалықтар қырылып жатқан алғашқы жағдай емес. Бұған дейін мамандар Форт-Шевченко теңіз порты аумағынан 64 итбалық тапқан болатын.

26 сәуірден бері Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети