22 шілде 2023 12:34

Футболдан ӘЧ Қазақстан мен Өзбекстанда өтетіні рас па? Министрлік пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/FIFAWorldCup/ Фото: twitter.com/FIFAWorldCup/

Мәдениет және спорт министрлігі футболдан ӘЧ Қазақстан мен Өзбекстанда өтуін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрлігі футболдан ӘЧ Қазақстан мен Өзбекстанда өтуін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмайтынын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламайтынын атап өтеміз", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан 2034 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге өтінім бере алатыны хабарланған болатын. Бұл туралы өзбекстандық басылым Championat.asia жазды.

Бұл мәлімдеме туралы Қырғызстанда өткен орталық азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары қатысқан саммитте айтылды. Жиынға екі федерацияның басшылары қатысқан болатын. 2034 жылғы әлем чемпионатын бірлесіп өткізу идеясын ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов алға тартқаны атап өтілді.

Айта кетейік, 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге бірқатар елдер үмітті. Олардың арасында Сауд Арабиясы мен Қытай да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети