Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ғани Қасымов кезектен тыс сайлауға Назарбаевтың кандидатурасын жылжытуды ұсынды 17 ақпан 2015, 12:23

Ол коалицияның бүгін қабылдағалы отырған үндеуінде бұл қозғалыстың Елбасы бағытын қолдайтыны аталып өткенін айтты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Ғани Қасымов. ©Тұрар Қазанғапов Ғани Қасымов. ©Тұрар Қазанғапов

"Патриоттар партиясының" төрағасы Ғани Қасымов  "Қазақстан-2050" Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы атынан кезектен тыс президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын жылжытуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коалиция атынан біз қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жалғыз кандидат болатынын мәлімдейміз", - деді Қасымов жалпыұлттық коалиция отырысы барысында. 

Ол коалицияның бүгін қабылдағалы отырған үндеуінде бұл қозғалыстың Елбасы бағытын қолдайтыны аталып өткенін айтты. "А" дей отырып, "б"-ны да айту керек", - деді Ғани Қасымов. 

Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясы 6 саяси партиядан, 18 ірі қоғамдық ұйымнан, саяси партиялардың 321 филиалынан және 500 ірі үкіметтік емес ұйымнан тұрады. Коалиция Қазақстанның 6,5 миллионнан астам азаматының мүддесін қорғайды. 

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram