23 тамыз 2021 22:59

Гайдар Қасенов Қосшы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Facebook / Gaidar Kasenov Фото: Facebook / Gaidar Kasenov

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тағайындауға дейін ол Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Гайдар Қасенов 1976 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған.

2008-2015 жылдары "Қазтеміртранс" АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, Қосшы 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін ауыл болған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ақмола облысының Целиноград ауданы қайта құрылды.

Тоқаев Қосшы ауылына неге қала мәртебесі берілгенін түсіндірді

2020 жылы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы енді ауыл ретінде өмір сүре алмайтынын, елді мекен облыстық маңызы бар қала бола алатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети