03 сәуір 2021 18:15

Генерал Есенгелді Мұстафетов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Генерал Есенгелді Мұстафетов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ растады.


Генерал Есенгелді Мұстафетов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ растады.

Жерлеу рәсімі ертең, 4 сәуірде өтеді.

Есенгелді Мұстафетов 1943 жылы 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Генерал-майор, заң ғылымдарының докторы, профессор. Тәжік мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын Тәжік ССР МҚК - мемлекеттік қауіпсіздік комитеті - (КГБ) кіші оперөкілеттігінен бастап, КСРО МҚК инспекторлық басқармасы басшысы орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

ҚазССР орталық аппаратының бөлім басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық МҚК басқармасында бастықтың орынбасары, Шымкент облыстық МҚК басқармасының бастығы қызметін атқарып, Атырау облыстық МҚК басқармасын басқарды.

1991 жылы Мәскеуде КСРО МҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1991 жылдың соңында КСРО МҚК-нің таратылатыны және оның Ресей заң құзыретіне өтетіні туралы жарлық шықаннан кейін елге қайтып тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметін жалғастырды.

1992 жылы Шымкентте кепілге алынғандарды азат ету операциясын табыспен басқарған.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ҚР-ҚазКСР ҚК Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары; ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі, бизнесмен болған.

2008 жылдың желтоқсанына дейін Ресей Федерациясының жедел-іздестіру қызметі мәселелері жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы болған. Содан кейін Қазақстанға оралды.

Есенгелді Мұстафетов "Мемлекеттік қауіпсіздіктің құрметті қызметкері" төсбелгісі, КСРО-ның 8 медалі. Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері, жеке есімі жазылған Макаров тапаншасымен, "Әулие Станислав орденімен" марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети