29 маусым 2022 12:22

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен жекпе-жек қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен жекпе-жек қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барша бокс жанкүйеріне, осы жекпе-жекті күтіп, уайымдап, мені қолдайтын барлық жанға алғыс айтқым келеді. Мен өз тарапымнан бұл, шынымен де керемет бокс кеші, қазіргі кездегі ең үлкен жекпе-жек және керемет шоу болатынына кепілдік бере аламын. Сіздерге ұнауы үшін бәрін жасаймыз", - деді GGG Instagram-да жарияланған видеода.

Қазақстандық спортшы видеоға үш тілде сипаттама жазды: "Very grateful for all your support! Барша қолдауларыңызға мың алғыс! Благодарен за всю вашу поддержку!"

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Бірінші кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.

Бұған дейін спортшылар баспасөз конференциясында көз арбасқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети