11 сәуір 2015 22:24

Геннадий Головкин туған күнімен құттықтағандарға алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@"ВКонтакте" желісіндегі GGG тобынан @"ВКонтакте" желісіндегі GGG тобынан

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) туған күнімен құттықтағандарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) туған күнімен құттықтағандарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Туған күніммен құттықтағандарға көп рахмет айтамын. Сіздердің құттықтауларыңыз мен үшін үлкен сый болды, әрі маңызды. Біз көптеген хаттар мен хабарламалар алдық", - деді Головкин.

Біздің спортшыларға да видеоқұттықтаулары үшін көп рахмет айтамын. Қазақстандағы осыншама танымал спортшыларды бірге көргеніме қуаныштымын. Біз барлығымыз елімізді бүкіл әлемге таныту үшін тырысып жүрміз, мен сіздердің жеңістеріңіз көп болсын деп тілеймін. Атаулы күні бізбен бірге болып, тілектеріңізді білдіргендеріңіз үшін барлығыңызға тағы да рахметімді айтамын. Сіздердің Геннадий Головкин», - деді ол.

Айта кетейік, 8 сәуір күні Головкин 33 жасқа келді. Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның үздік спортшылары Головкинді туған күнімен құттықтағанын хабарлағанбыз.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети