11 сәуір 2022 10:00

Головкиннің жеңісі, Сапарбаевтың қоштасуы. Демалыс күндері Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Сайтамада өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин өзінің карьерасындағы 42-жеңіске қол жеткізді. Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен қоштасу сәтінде жылап жіберді. Зеленский ЕО-ға жедел қосылуға мүмкіндік беретін құжат алды. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 


Сайтамада өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин өзінің карьерасындағы 42-жеңіске қол жеткізді. Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен қоштасу сәтінде жылап жіберді. Зеленский ЕО-ға жедел қосылуға мүмкіндік беретін құжат алды. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Қазақстан елшісі АҚШ президенті Байденмен кездесті 

Ақ үйде өткен хаттамалық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев ел президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді. Оның барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипат лебізін жеткізіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өткені хабарланды.

Фото: СІМ

Головкин Муратаны нокаутпен жеңді 

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді. Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды. Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді - жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке орамал тастады. 40 жасқа толған Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізді

Фото:twitter.com/TomLoeffler1

Алматы-Бішкек тасжолындағы өткелді салуға 2 миллиард теңге жетпей қалды

Алматы-Бішкек күре жолының 19-шақырымындағы өткелдің құрылысы тоқтап тұр. Салдарынан сол маңда ұзынсонар көлік кептелісі болады. Адамдар екі ауылды бөліп тұрған республикалық жолды кесіп өтеді. Бұл көлік қозғалысын тежейді. Жолаушыларға арналған жерүсті өткелі мен автокөліктерге қажетті эстакаданың құрылысы 2020 жылы басталған. Оған мемлекеттік бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген. Бірақ көп ұзамай құрылыс тоқтап қалды.

"Хабар 24" сюжетінен алынған кадр

Иманбек америкалық әншімен жаңа трек шығарды 

"Грэмми" сыйлығының иегері, қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкеновтің америкалық әнші Salem Ilese-пен бірлескен композициясы жарық көрді. Married to your melody деп аталатын тректі түрлі платформада тыңдауға болады. Иманбек Instagram-дағы парақшасында 29 секундтық үзіндісін жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен қоштасу сәтінде жылап жіберді 

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарымен қоштасты. Сапарбаев өзін шығарып салуға келген адамдарға өзінің және отбасының атынан алғыс айтты. Кешірім де сұрады. Бір сәтте бұрынғы әкім көз жасына ерік берді.

Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. Өңірдің жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHAMBYL REGION (@zhambyl.gov.kz)

Қарағандыда көшеде нәресте өлі табылды 

9 сәуірде Қарағандының Киров полиция бөліміне қаланың 26 жастағы тұрғынынан хабарлама түсті. Ер адам гаражға іргелес аумақты тазартып жатқанда баланың мәйітін тапқанын айтты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, жаңа туған ұл баланың мәйіті пакетте жатқанын көрді. Нәрестенің денесінде жарақаттар болмағаны хабарланды. Полицейлер жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен сауалнама жүргізіп, сәбидің анасын табу бойынша жедел-іздестіру шараларын бастады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда ірі жол апаты болды: оқушы қыз қаза тапты 

Апат 9 сәуірде сағат 17.10-да болған. Hyundai Tucson автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі Гагарин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, солға бұрылып, Гагарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігімен соқтығысып, жаяу жүргінші жолында тұрған адамдарды қағып кетті. Әрі қарай Hyundai жүргізушісі Гагарин көшесінде солтүстік бағытта тұрған Chevrolet автокөлігі мен Yutong автобусын соқты

Фото: Instagram/kris.p.brothers

Зеленский ЕО-ға жедел қосылуға мүмкіндік беретін құжат алды 

Украинаның Еуроодаққа кіруге өтінімі таяу уақытта қаралады. Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары барысында ресми түрде президент Владимир Зеленскийге сауалнама табыс етті. Ел ЕО-ға мүшелікке келіссөздерді бастау үшін оны толтыруы қажет. Еурокомиссия тиісті қорытындыны жазда әзірлеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Еуропалық дипломаттардың басшысы Жосеп Боррель ЕО Украинаға әскери қылмыстар туралы дәлелдер жинау және ұсынуға жеті миллион еуродан астам қаражат бөлгенін айтты. Бұл деректер Халықаралық қылмыстық сотқа жолданады

Euronews видеосынан алынған кадр

Францияда президент сайлауы басталды 

Францияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі басталды, жексенбіде Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де сайлау учаскелері ашылды. Француз коммуналарының көпшілігінде сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 19.00-ге дейін ашық болады, ал үлкен қалаларда, соның ішінде Парижде, Лион, Марсель, Ницца, Бордо, Тулуза және басқаларында 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Франция президенті жалпыға бірдей дауыс беру арқылы бес жылға сайланады. Сайлауға 49 миллионға жуық сайлаушы қатыса алады. Дауыс беру екі турдан тұрады, біріншісі - 10 сәуірде, екіншісі - 24 сәуірде өтеді. Екінші турда біріншісінен өткен екі кандидат бақ сынасады.

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті 

Қытайда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 25 165 жағдайы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда төрт пайызға жоғары. Мұндай мәліметті ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті жариялады. Вирус жұқтырғандардың көбінде, 23 815 адамда ауру белгілері жоқ. 1 350 адамда жөтел және әлсіздік бар. Бір апта ішінде Қытайда симптомсыз вирус тасымалдаушылар саны 2,7 есе, 174 мыңға дейін өсті.

Фото: Reuters

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети