18 маусым 2015 | 15:03

Гомосекуализмді насихаттауға тыйым салатын заң жобасы жыл соңына дейін қаралатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Гомосекуализмді насихаттауға тыйым салатын "Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы" заң жобасы парламенттің қарауына жыл соңына дейін жіберіледі, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жұмыс тобының басшысы Алдан Смайыл айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Гомосекуализмді насихаттауға тыйым салатын "Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы" заң жобасы парламенттің қарауына жыл соңына дейін жіберіледі, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жұмыс тобының басшысы Алдан Смайыл айтып берді.

Гомосекуализмді насихаттауға тыйым салатын құжат ҚР Конституциялық кеңесіне ұсынылды. Ол жерде қаралғаннан кейін заң жобасы Республиканың Конституциясына сәйкес келмейді деген қаулы шықты. Алайда, Смайылдың айтуынша, оған болмашы қателер себепші, олардың басым бөлігі жобалауға қатысты. "Ескертулер бар, бірақ біздің әрі қарай жұмыс істеуіміз керек. Ескертулер аса маңызды емес деуге де болады, оларды ескеруге де болады. Топ жұмысқа қыркүйекте қайта кіріседі", - деді Мәжіліс депутаты. Оның айтуынша, заң жобасын Конституциялық кеңеске қайта ұсынудың қажеті жоқ, сондықтан ол бірден парламентке жіберіледі.

Бұған дейін Смайыл заң жобасының депутаттардың бастамасы бойынша дайындалғанын және оған төрт жыл уақыттың кеткенін айтты. Жобада қатыгездікке, зорлыққа, балаларды өмір үшін қауіпті әрекеттерге итермелейтін, соның ішінде суицидке, порнографиялық қойылымдар мен сексуалдық, эротикалық типтегі және гомосексуализмді насихаттауға қатысты ақпараттық өнімдерге тыйым салу қарастырылған. 

Бұл пункттердің барлығы балаларға қауіп төндіретін ақпарат түрлерінің тізбесіне енгізілді. Сонымен қатар, ол компьютерлік, электрондық және онлайн ойындарға сараптама жүргізуге құқықтық мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, бұл құжатта балалардың арасында белгілі бір жас ерекшеліктеріне байланысты ақпарат таратуға тыйым салу мен шектеу қою нақтыланған. Бұл үшін депутаттар "жас ерекшеліктеріне қарай топтастыру" және "жас категориясы" деген ұғымдарды енгізуді ұсынып отыр. Ақпараттық өнімдерге байланысты мынадай жас категориялары белгіленді: 6 жасқа дейін, 6 жастан бастап, 12 жастан бастап, 14 жастан бастап, 16 жастан бастап.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети