Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Граната жарылысынан соң Алматының барлық колледжі тексеріледі

24 Қараша 2014, 16:55
1
Граната жарылған Алматы сән және дизайн колледжі. ©Владимир Прокопенко
Граната жарылған Алматы сән және дизайн колледжі. ©Владимир Прокопенко

Алматының барлық колледжінде тексеру жүргізіледі, - Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты. Еске сала кетейік, Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық сабағы үстінде граната жарылып, бір студент қайтыс болған еді, 12 бала жарақат алды. Қазір зардап шеккендер ауруханада жатыр, олардың бесеуінің жағдайы ауыр. 

Қалалық білім басқармасы Білім саласын бақылау жөніндегі департаментпен бірге Алматының барлық колледжіне тексерісті бастады. "Барлық колледжді басынан-аяқ тексереміз. Прокуратура нұсқау шығарғаннан кейін біз Алматы сән және дизайн колледжінің директорына қатысты шара қолданатын боламыз. Міндетті түрде жазалаймыз деп ойлаймын. Қазір тергеу жүріп жатыр, ештеңе айта алмаймын. Шаралар қолданылатын болады", - деді білім басқармасының жетекшісі.

Кәсіби білім беру бөлімінің жетекшісі Ләззат Жылқыбаева Алматыда барлығы 83 колледж бар екенін айтты. "Бақылау жөніндегі департамент бұйрыққа қол қойды, міне, бүгін біз жұмысты бастадық. Біз меншік түріне қарамастан, Алматының барлық колледжіндегі балалар қауіпсіздігін тексереміз. Тексеріс 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін жүргізілетін болады", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 17 қараша күні таңертең Алматы сән және дизайн колледжінда граната жарылған еді. Оқиға салдарынан 16 жастағы қыз қаза тапты, 12 адам зардап шекті. Колледж директоры Надежда Яковлева марқұм Светлана Яковлеваны ақтық сапарға шығарып салуға келді. Ол қайтыс болған қыздың жерлеу рәсімінің барлық шығынын колледж өз мойнына алатынын айтты. 

Оқиғадан кейін полицейлер алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаевты ұстады. Сот оны екі айға тұтқындауға санкция берді. Бұдан соң бұл іс бойынша тағы бір адамның тұтқындалғаны белгілі болды - колледжге гранатаны алғашқы әскери дайындық пәнінен бұрын сабақ берген Юрий Гавриленко алып келген болып шықты. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай