10 қаңтар 2021 16:25

Гүлшара Әбдіқалықова сайлауда дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді. Аймақ басшысы № 101 мектепте орналасқан № 263 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

ҚР Президентінің 2020 жылдың 21 қазанындағы Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр.

Биылғы саяси науқанға мемлекеттік тіркеуден өткен 5 партия өкілдері қатысуда. Орталық сайлау комиссиясы өткізген жеребеге сәйкес партиялар келесідегідей ретпен орналасқан: "Қазақстан Халық партиясы", "Nur Otan", "Ауыл", "Ақ жол", "Адал".

Жалпы облыста 9 аумақтық сайлау комиссиясы, 376 сайлау учаскесі құрылған. Бүгінгі күні сайлаушылардың саны 492 мыңнан асты.

Дауыс беру орындарында барлық санитарлық талаптардың сақталуы бақылауға алынған. Бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 69 қаулысы қабылданды. Қаулыда сайлау процесі барысында эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде бірқатар талаптар көзделген. Нақты айтатын болсақ, ғимаратқа кірер алдында сайлаушылардың байланыссыз термометр арқылы дене қызуы өлшенуі, маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы, антисептиктердің болуы, қозғалыс маршруты бойынша қашықтық белгілер мен көрсеткіштердің болуы және т.б. талап етіледі.

Сайлау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға еш кедергісіз дауыс беру үшін жағдайлар жасалған, оларды тасымалдау үшін арнайы автокөліктер қарастырылған.

Ауыр халдегі науқастар үшін жәшіктерді тасымалдау арқылы үйінен дауыс беру шаралары ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, өңірде әрбір сайлаушы өз сайлау учаскесін анықтау үшін Call-орталықтары ("400-200", 109) және "Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер" сервисі, "Sailau2021.gov.kz" порталы жұмыс істеп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети