23 ақпан 2019 12:19

Хакерлер Қазақстан университеттерінің сайттарын бұзды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Хакерлер қазақстандық университеттердің сайтына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығына сілтеме жасап. 


Хакерлер қазақстандық университеттердің сайтына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығына сілтеме жасап. 

Өздерін KazHackMe деп атайтын белгісіз хакерлер тобы АЭжБУ, ҚарМУ және Қазақстан инженерлік-техникалық университетінің сайттарын бұзған. Олар өздерінің барлық "жетістігін" блогтарында жариялайды.

"Өз тарапымыздан жастарды осы құқық бұзушылық үшін берілетін қылмыстық жауапкершілік туралы сақтандырғымыз келеді және күштеріңізді жасампаз арнаға бағыттауға шақырамыз", - делінген ұйым хабарламасында.

ЦАРКА мамандары хакерлердің біліктілігін бағалап, оларға жұмыс ұсынды.

Еске салсақ, 2018 жылдың қазанында Kundelik қазақстандық мектептерінің электронды күнделігі мен журналдарының ақпараттық жүйесі хакерлік шабуылға ұшырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети