27 қазан 2016 | 18:16

Халықаралық аренада ЭКСПО-2017 насихаттауға бағытталған NEWENERGY байқауында су электр станциясының жаңа түрі таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шөлде алқаптарды құру бойынша стартап жобаны Санкт - Петербордан келген Андрей Казанцев Астанадағы #NEWENERGY global startup fest байқауында таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегия 2050 сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шөлде алқаптарды құру бойынша стартап жобаны Санкт - Петербордан келген Андрей Казанцев Астанадағы #NEWENERGY global startup fest байқауында таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегия 2050 сайтына сілтеме жасап.

Санкт-Петербордан келген Андрей Казанцев  су тасушының көмегінсіз шөлдерде алқаптарды қалыптастыру жобасын таныстырды. Оның басты тетігі су электр станциясының жаңа типі.

"Табиғатта күн энергиясының төрттен бірі су маңында болады. Су ауада конденсатталып жаңбыр болып жерге жауады. Тау басында қалғандарын біз су электр станцияларына өзен ретінде пайдаланамыз. Асылында, бұл энергиямен күн 200 есе көп қамтамасыз етті. 100 жыл бұрын Тесла бір идея айтқан болатын, егер бұлттан энергияны алуға болса , энергетикалық және су мәселелері  баяғыда шешілер еді. Мен тұман мен бұлттың жиналуы жүйесін жерде қолдануды ойлап таптым. Кейбір елдерде  торлар тұманды өткізіп,  20 пайыздан 50 пайызға дейін ылғал өнідіреді. Біз бұл жүйені қолдансақ, бұлттан су алып, гидроұңғыма арқылы жерге  ағызамыз. Бұл ең арзан тәсіл", - деді А.Казанцев.

Оның айтуынша, бұл идея нәтижесінде шөлде шынайы шұрай құруға болады.

"Жерде миллиардтаған адам сусыз күн кешіп отыр. Ал су үстімізде екі шақырымда тұр. Бұлт - жақын құдығымыз. Бір торды көтеретін болсақ, су төгіледі. Біз шөлдерде жазира құрып, сумен халықты қамтамасыз ете аламыз. Мысал, Мальтада жарты милиион адам  суға тапшылық етіп отыр. Онда шарап судан арзан тұрады. Олардың мәселесі шақырымдық тор құрып, су өндіріп алумен шешіліп отыр", - деді ол.

Сонымен қатар маңызды шараға ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты.

Еске салайық, ұйымдастырушылардың пікірінше, NEWENERGY global startup fest байқауы әлемдік аренада еліміздің инвестициялық әлеуетін көтеруге және инновациялық және стартап жобаларды Қазақстанда дамытуға жол ашады.

Байқаудың мақсаты "жасыл экономиканы", жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту үшін халықаралық инновациялық стартап-жобаларды, компанияларды, венчурлық қорларды және акселераторларды тарту, сондай-ақ халықаралық аренада ЭКСПО-2017 насихаттау болып табылады.  

Байқау қорытындылары бойынша Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын 30 үздік стартап-жобаны марапаттау рәсімі өтеді. Байқау демеушілері мен әріптестері үздік жобаларды арнайы сыйлықпен марапаттайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети