10 сәуір 2017 18:01

Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Қазақстанға қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© roscosmos.ru © roscosmos.ru

Қазақстан аумағына ХҒС мүшелері отырған капсула қонды, - деп хабарлайды РИА Новости


Қазақстан аумағына ХҒС мүшелері отырған капсула қонды, - деп хабарлайды РИА Новости

Агенттіктің мәліметі бойынша, қазіргі кезде құтқарушылар  "Союз МС-02" кемесінің аппаратынан Андрей Борисенко мен Сергей Рыжиковты, сондай-ақ NASA астронавты Роберт Шейн Кимброуды қауіпсіз жерге алып шығып жатыр. 

Ғарышкерлердің жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. 

ХҒС 49/50 миссиясының мүшелері станцияда 173 тәулік болды. Олег Новицкий (Ресей), Пегги Уитсон (АҚШ) және Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Тома Песке (Франция) келесі ХҒС 51/52 экспедиция мүшелерінің келуіне дайындалып жатыр. 

ХҒС 51/52 миссиясының екі мүшесі "Союз МС-04" кемесімен Байқоңырдан 20 сәуірде ұшады деп жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети