02 қазан 2020 12:14

Халықаралық инвесторлар апталығы: Отбасылық қаржыны қалай тиімді басқаруға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазанның 5-9 күндері аралығында елордадағы "Астана" халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығы өтетіндігі белгілі. Осы апталық аясында 8 қазан күні "Отбасылық қаржы" сессиясын өткізу жоспарланған. Сессия барысында қаржыгер – Есеп және аудиторлар палатасы мен Бағалаушылар палатасының мүшесі Анель Шакенова және Armida Group негізін қалаушы, "Шалқия Цинк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Нұрлан Саурамбаев отбасылық қаржыны қалай тиімді басқарып, оны еселеу жолдарын түсіндіріп беретін болады.

Егер сіз ІРО-ға шығарылған қазақстандық "ҚазАтомӨнеркәсіп" немесе "KEGOC" сияқты компаниялардың акцияларын сатып алу немесе белгілі бір салаға инвестиция құюды жоспарласаңыз, отбасыңыздың кірістерімен қатар шығыстарын да дұрыс есептей білуіңіз қажет. Бұл бағытта нақты кеңесті "Отбасылық қаржы" сессиясынан жан-жақты алуға мүмкіндігіңіз бар.

"Қазіргі отбасылардың ең басты қателігі - ақша мен қаржылық активтерді отбасының әлеуметтік қарым-қатынасынан да жоғары қоюында болып отыр. Бұл мүлдем дұрыс емес. Бұл арбаны аттың алдына қоюмен бірдей жайт болып табылады. Салдарынан, адам барлық табысын, жылжымайтын мүлкін, бизнесін және өзге де құнды дүниелерін табыстайтын ешкім қалмайды және түптеп келгенде оның барлығын да жоғалады. Дәл осы жайтқа байланысты, ең алдымен тұрақты әлеуметтік капиталды қалыптастыру, одан кейін зияткерлікті шыңдау қажет. Содан кейін қаржылық әл-ауқат ұзақ күттірместен өзі-ақ келеді", - деді АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросының (BCPD Ltd.) супервайзері Бота Жұманова.

Қаржылық қызметтерді, тұтынушыларды қорғауды және инвестициялау негіздері туралы хабардар етуді мақсат тұтқан апталықтың негізгі ұйымдастырушысы АХҚO Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-ның Әкімшілігі, AIX, BCPD Ltd. және АХҚО-ның Финтех хабымен бірлесіп өткізеді.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 6 континентіндегі 80 елдің қаржылық реттеушілерімен Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) қолдауымен ұйымдастырылады.

Іс-шара бағдарламасымен толығырақ танысуға және тіркелуге сілтеме бойынша болады: https://afsa.aifc.kz/ru/events/wiw2020/

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети