Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Халықаралық сарапшылар Қазақстанда жылдамдық режимін азайтуды ұсынды

04 Қараша 2014, 15:07
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Халықаралық сарапшылар Қазақстанда жылдамдық режимін төмендетуді ұсынды. Ұсыныс Алматыда өткен "Жол қозғалысы қауіпсіздігі негіздері мен қажетті жедел шаралар" атты субөңірлік семинар барысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Семинарға Орталық Азия аймағының мамандары мен құқық қорғау саласы өкілдері қатысты. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ғаламдық әріптестіктің аға кеңесшісі Ян Хьюз көп елдерде жолдардағы жалпы жылдамдық режимін азайту үдерісі бар екенін айтты. "Орталық Азия елдерінде - Қазақстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда жол апаттарының пайыздық көрсеткіші тым жоғары, олардан жаяу адамдар мен жүргізушілердің өзі қайтыс болып немесе жарақат алып жатыр. Мұны өзгерту керек. Қазақстанда, атап айтқанда, Алматыда жолдар жақсы. Бұл жүргізушілерді жылдамдықты асыруға итермелейді. Біз жолдардағы жылдамдықты тиімді басқару жүйесін қарастыруды ұсынып отырмыз", - деді Хьюз.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шәкуов халықаралық зерттеулерге сәйкес, егер автокөлік сағатына 50 шақырымнан аспай жүргенде жол-көлік оқиғасына ұшырап, жаяу адамды қағып кететін болса, зардап шегушінің өліп кету ықтималдығы аз болатынын айтты. "Бізде жылдамдық режимін арттыру үрдісі байқалады. Кейбір көшелерде, атап айтқанда, Алматыда "80" деген белгі тұрады. 60, 50 және 30 шақырым/сағат жылдамдықтарына арналған учаскелерді нақты айқындау ұсынылды. Қазір бізде "60" және "40" деген таңба ғана бар, өте сирек кездесетін кейбір жерлерде ғана "20" таңбасы шартты түрде болады. Жылдамдық режимінің басқа диапазоны жоқ. Сонымен бірге, жылдамдық режимін бақылау жүйесін жақсарту керек. Бұл - бейнекамералар мен жердегі бөгеттер", - деді Шәкуов.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ғаламдық әріптестік сарапшылары Қазақстанның Қызыл Ай қоғамымен бірге автомектептер курсанттарын алғашқы медициналық жәрдем негіздеріне үйретуді де ұсынды. "Қазақстанның жолдарында жол-көлік оқиғалары кезінде дер кезінде көмек көрсетілмейтіндіктен адамдар көп өліп жатады. Бізде елді мекендер арасындағы қашықтық тым ұзақ. Білікті медициналық жәрдем жеткенше, зардап шегуші жүріп кетеді. Қызыл Ай қоғамының өкілдері курсанттарды өз базасында оқытуды немесе оларды оқытудың дұрыс жүйесін жасауды ұсынады", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай