16 наурыз 2022 13:48

"Халыққа жақсы" - Даниал Ахметов Президенттің ұсынысы туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысын құру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысын құру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл өте жақсы бастама, тағы не айта аламын. Енді екі облыс болады. Халыққа жақсы, бізге де жақсы", - деді Даниал Ахметов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған еді.

"Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети