25 қазан 2014 14:45

"Халықтың сүйіктісіне" дауыс берудің үшінші кезеңі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото Марат Әбілов фото Марат Әбілов

 "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының үшінші дауыс беру кезеңі басталды Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне идея авторы "Республика-Өңір-Даму" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқ айтты. 


 "Халықтың сүйіктісі" сыйлығының үшінші дауыс беру кезеңі басталды Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне идея авторы "Республика-Өңір-Даму" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқ айтты. 

Биылғы жылы "Халықтың сүйіктісіне" дауыс беру үш кезеңнен тұрады. Олар: кандитаттарды алдын-ала іріктеу, әлеуметтік желілер арқылы дауыс беру, lubimec.kz. ресми сайты арқылы дауыс беру. Ресми сайт арқылы дауыс беру 25-қазаннан 10-қарашаға дейін созылады.
"Халықтың сүйіктісін таңдауда біз үнемі тиімді жолдарды қарастырамыз. Өткен жылы дауыс беру толықтай әлеуметтік желілер арқылы ғана жүргізілді. Бұл жылы да біз осы үрдісті пайдаландық" дейді Ғалым Байтұқ.


Бұл жылы кандидаттарға ресми сайт арқылы да дауыс беріп, дауыс беруші өзінің электронды поштасын қалдыруына болады. "Сайтта робот тұрады. Сондықтан биыл халықтың сүйіктісін сайт арқылы төмен түсіруге мүмкіндік болмайды" дейді шараны  ұйымдастырушылар.


Биылғы жылы "Халық сүйіктісін" таңдауда жаңа номинациялар пайда болған. Солардың бірі денсаулық саласында жүргендерге арналған "Ғажайып емші" номинациясы. Қаржы саласында жүргендер үшін"Табысты қаржыгер" және "Алтын дәуір" номинациясы бар.

- "Алтын дәуір" номинациясы Қазақстанның белгілі тұлғаларына беріледі. Бұл номинация ел үшін қызмет еткен аға буынға арналған,- дейді идея авторы.

Ғалым Байтұқ бұған қоса "Халықтың сүйіктісі" сыйлығы биылғы жылы мұндай форматта соңғы мәрте өткізілетінін де айтты.
"Біз БАҚ саласының дамуына да күш салғымыз келеді. Қазір біз Еуразиялық телевидения академиясының президентімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Болашақта үздік басылымдарды, үздік электронды БАҚ-ты және телеарналарды да ескеретін боламыз. Үздік тележүргізушілерге, үздік бағдарламаларға таңдау жасаймыз. Болашақта номинациялар көбейеді" деді ол.


Ол сондай-ақ биылғы сыйлық иелеріне тапсырылатын мүсіндердің де өзгергенін сөз етті. "Өткен жылы мүсіндер бас бармақты көрсетіп тұрған қолдың пішінінде болды, ал биылғы жылы мүсіндер қоладан жасалып, алтынмен жалатылған. Олардың бағасы да былтырғыға қарағанда қымбат" деді Ғалым Байтұқ.

"Халықтың сүйіктісі" сыйлығы биыл төртінші мәрте табысталады. Жеңімпаздың есімі желтоқсан айында белгілі болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети