20 қаңтар 2014 14:30

Халықтың табысы артып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Статистикалық агенттіктің мәліметінше 2013 жылы халықтың жан басында шаққандағы орташа табысы артты. Мәселен, өткен жылдың қараша айындағы деректер бұқараның ақшалай табысы 56 324 теңгені құрап 2012 жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға жоғарылағанын көрсетуде. Бұл туралы статистика агенттігінің дерек көздеріне сүйене отырып Tengrinews.kz сайты хабарлайды. Жалпы, деректерде көсетілгендей табыстың артуы жөнінен республика бойынша Атырау, Алматы, Астана қалалары көш бастап тұр. Ал табысы төмен аймақтардың санатына Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары енгізілген. Жалпы, сарапшыларымыздың пайымдауынша, қазірде еліміздегі жоғары табыс табатын бай-манаптардың көрсеткіші шамамен 15 пайызды мөлшерлеген. Ал әлеуметтік жағдайы өте төмен кедей таптың көрсеткіші 30 пайызды құраса, республика халқының қалған 45 пайыздайы айлығын шай-пұлына ғана жеткізе алатын орта шаруалар екенін көрсетеді. Бұл – отандық сарапшыларымыздың келтіріп отырған деректері. Ал тиісті орындар таратып отырған ресми деректер бойынша, елдегі кедейшілік көрсеткішін төмендегі кестеден көруге болады: 2013 жылғы кедейшілік көрсеткіші: Төмен (2,6–4,4%) Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облысы Орташа (5,3-6,7%) Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облысы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан Жоғары (8,4-11,6%) Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети