16 қараша 2021 09:43

Хамитов: "ММА спортшыларына футболшылар алатын ақшаның жартысын берсеңіздер бүкіл Американы жаулап аламыз"

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/kuat__khamitov Фото:instagram.com/kuat__khamitov

ММА спортшысы Қуат Найман Хамитов оны хайп жасады деп айыптаған қазақстандық маман Әли Әлиевке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.


ММА спортшысы Қуат Найман Хамитов оны хайп жасады деп айыптаған қазақстандық маман Әли Әлиевке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

Бұл дау 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің сырт алаңда Франциядан 0:8 есебімен ұтылып қалған футболдан Қазақстан құрамасын сынауынан басталды. Хамитов төмен нәтиже көрсеткен ойыншылардың жоғары жалақысына ашуланып, футболшыларға да боксшылар сияқты жеңсе ғана жалақы төлеу керек екенін айтты.

Содан кейін Әлиев Хамитовтың осыған дейін халықаралық деңгейде ешқашан өнер көрсетпегенін, сондықтан жеңіліске қатысты пікірді тек хайп үшін жазып жатқанын айтты.

"Хамитов футболдағы жеңілісті сынап жатыр. Ал өзі Қазақстанға әлемдік ММА жұлдыздарын әкеле алды ма?" – деді Әлиев.

"Мен Әлиевтің сұхбатын оқығаннан кейін, жауап берейін деп шештім", - деді Хамитов Instagram-да.

Біріншіден, футболшыларға бөлінетін миллиардтар әлемдік аренада нәтиже көрсету үшін немесе бізге қандай да бір футбол жұлдыздарын әкелу үшін емес, өздеріне бөлінеді! Біз оған мүлдем мән бермейміз.

Маған келетін болсақ, менің қай жерде жекпе-жек өткізетінім маңызды емес. Әлемдегі №1 және №10. Ең бастысы, ММА-дағы мансабымның 11 жылында мен мемлекеттен 1 тиын алып, 1 бір тиын халық қаражатын жұмсаған жоқпын және оны мақтан тұтамын! Өйткені мен сендер сияқты ақша үшін емес, ел намысын қорғайтын патриотпын!

Айтпақшы, AMC FIGHT NIGHTS бір кездері әлемдегі ең үздік 5 ұйымның бірі болды! Ал бізге қараңызшы, біздің спортшылар мемлекеттің көмегінсіз әлемнің барлық белбеулерін жеңіп алып, UFC-де жекпе-жек өткізуді жалғастырып жатыр. Бізге футболшылар алатын ақшаның жартысын берсеңіздер, мен сізге кепілдік беремін, біз бүкіл Американы басып алып, қазақстандықтардың кім екенін көрсетеміз!".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети