Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Хайнаньда қазақстандық отбасы Калмэджи тайфунынан құтқарылды

17 Қыркүйек 2014, 13:11
0

Қытайдың Хайнань аралында Калмэджи тайфунынан зардап шеккен қазақстандық отбасы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі отбасы мүшесі Махмұт Ысқақовқа сілтеме жасап. Отағасы әйелімен және емшектегі сәбиі бар қызымен Хайнань аралында демалып жатқан.

"Алдыңғы күні түнгі үштердің шамасында тайфун басталды. Біздің отель теңіздің жағасында орналасқан, судан 10 метр жерде. Түн ортасында нөмірді тастап шығуға және қонақүй әкімшілігінен басқа нөмірге ауыстыруды сұрауға тура келді. Бірақ келесі күні сағат 11.00-ге қарай отель түгел суға кетті, бүкіл аумақ, бассейн де, нөмірлер де, мейрамханалар да. Содан кейін біз елшілікке хабарластық, дипломаттар бізге көмектесті, тап осындай, жеке нөмірлері бар басқа қонақүйге ауыстырды", - дейді Ысқақов.

Оның айтуынша, әзірше Қытай қалалары мен Хайнань арасында әуе қатынасы қалпына келе қойған жоқ. Ысқақовтар елге 25 қыркүйек күні оралады.

Бұған дейін Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінің Калмэджи тайфунынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде арнайы байланыс желісін ашқаны хабарланған болатын. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тайфуннан зардап шеккен отандастарымыздың арасында қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай