05 мамыр 2023 09:35

ХҚКО-лар жылжымайтын мүлік қызметтерін уақытша тоқтатады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бес күн ішінде Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу, сондай-ақ тіркеуге отыру қызметтері тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.


Бес күн ішінде Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу, сондай-ақ тіркеуге отыру қызметтері тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Жүйе демалыстан кейін, яғни 10 мамырда ғана қайта жұмыс істейді. Мұндай үзіліс "Жылжымайтын мүлік тізілімі" дерекқорын Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына көшірумен байланысты. Жер және жылжымайтын мүлік қызметтері eGov.kz порталы, нотариустар, салық қызметі, банктер және сот орындаушылары жүйесінде онлайн режимінде қолжетімсіз болады.

"Қызметтердің қолжетімсіздігі тек 5-9 мамыр аралығында байқалады. Жалпы қызметтердің қолжетімсіздігі тек бір жұмыс күні болады, қалған күндер мерекеге сай келеді. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін, жаңа ақпараттық жүйеге көшу байқалмауы және ауыртпалықсыз болуы үшін жасалады", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жылжымайтын мүлік департаменті директорының орынбасары Нұргүл Кенжебаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети