1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ХҚКО-лар мен "Қазпошта" жұмысын қайта бастады кеше, 11:35

Халыққа қызмет көрсету орталықтары Алматы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Цифрлық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Халыққа қызмет көрсету орталықтары Алматы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады.

Тұрғындарға кезең-кезеңімен барлық қызмет түрі қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін.

"Сондай-ақ, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚКО-лар жұмыс істемейді", - деді ведомстводағылар.

Бұдан басқа, 10 қаңтардан бастап "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшелері зейнетақы мен жәрдемақыны интернет-байланыс жұмыс істеп тұрған уақытта штаттық режимде береді.

"Сонымен қатар, банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру бойынша жұмыс басталды. Осыған байланысты "Қазпошта" клиенттері 10 қаңтардан бастап бөлімшелерден де, банкоматтардан да ақша ала алады. Сонымен қатар, "Қазпошта" АҚ "Оңтүстік" ақпараттық-логистикалық орталығының Қазақстан бойынша магистральдық маршруттарын іске қосуының арқасында компания 10 қаңтардан бастап пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен өңдеуді қайта бастайды", - деп хабарлады бөлімшедегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram