14 наурыз 2018 | 11:51

"Хокингтің ісін жалғастырамын" - тараздық мектеп оқушысы Исаак Мустопуло

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 жастағы тараздық данышпен Исаак Мустопуло аты бүкіл әлемге танымал физик-теоретик Стивен Хокингтің ісін жалғастыруға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

15 жастағы тараздық данышпен Исаак Мустопуло аты бүкіл әлемге танымал физик-теоретик Стивен Хокингтің ісін жалғастыруға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір ғана білдім. Қатты қайғырып отырмын, есеңгіреп қалдым. Күтпеген жерден. Жақында ғана бір конференцияда сөйлеп жатқанын көрген едім. Бұл жаңалық менің миыма еш қонар емес", - дейді Исаак.

Cондай-ақ, ол 2017 жылдың қазанында ғалыммен кездескенін еске алды.

"Ұлы адам болатын. Оны сол кезде тірі кезінде, жалпы оны көргеніме қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Себебі ол әрдайым мен үшін оқытушым, жетекшім болып қала береді. (...) Оның тек өмірдің басқа кезеңіне ауысқанына сенімдімін. Сәби дүниеге келгенде осыған ұқсас жағдай болады ғой, күтпеген жерден. Бірақ физикада өлімнен кейін не болатыны жайлы еш мәлімет жоқ", - дейді Исаак Мустопуло.

Мұнымен қоса, Мустопуло Хокингтің немен айналысқанына тоқталып, оның ісін жалғастыруға дайын екенін айтты.

"Таңдау дегеніміз салыстырмалы дүние. Қазір мен физикада маған қажет болып қалуы мүмкін барлық нәрсені зерттеп жатырмын. Ал Стивен Хокинг оған дейінгі және одан кейінгі физиктер сияқты өмір бойы жалпы теорияны іздеді. Мен осы істі жалғастырамын", - деді Исаак.

Бүгін, 14 наурызда Стивен Хокинг 77 жасында қайтыс болды. Бұл мәліметті профессордың отбасы растады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети