14 наурыз 2018 10:09

Стивен Хокинг қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Танымал ағылшын физик-теоретигі Стивен Уильям Хокинг 77 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Танымал ағылшын физик-теоретигі Стивен Уильям Хокинг 77 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл мәліметті профессордың отбасы растады.

Стивен Уильям Хокинг - физик-теоретик, "Уақыттың тарихы" кітабының авторы. Сондай-ақ, ол Ғаламның бастапқыда қандай болғанын және Үлкен Жарылыс теориясын зерттеумен айналысқан еді.

1963 жылы 22 жастағы Стивен  Хокингке бүйірлік амиотрофикалық склероз диагнозы қойылған. Дәрігерлер оған сол кезде 2-3 жыл өмір сүре алатынын айтқан еді. Алайда ғалым ғылыми жұмысын әрі қарай жалғастырып, екі рет үйленіп, үш баланың әкесі атанды. Мұнымен қоса, Хокинг сал ауруына шалдықса да ғылыммен айналысып, сабақ беріп, баяндамалар оқитын.

2016 жылы ғалым Таразда тұратын гений баламен кездесуге дайын екенін мәлімдеген еді. Кейінірек  2017 жылдың қазанында 15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло Стивен Хокингпен кездескен болатын.

"Сал ауруына шалдыққан Исаак Мустопуло Ұлттық инновациялық конкурста арнайы жүлде иеленіп, 4 қазанда физик-теоретик профессор Стивен Хокингпен кездесті. Кездесу Британ кеңесі мен "Эйр Астана" ұйымдастырған Ұлыбританиядағы оқу-танымдық сапар кезінде өтті", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети