06 қазан 2017 12:01

Тараздық данышпан балақай Стивен Хокингпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло атақты үлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокингпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы Британ кеңесіне сілтеме жасап. 


15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло атақты үлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокингпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы Британ кеңесіне сілтеме жасап. 

Жалғасы

"Сал ауруына шалдыққан Исаак Мустопуло Ұлттық инновациялық конкурста арнайы жүлде иеленіп, 4 қазанда физик-теоретик профессор Стивен Хокингпен кездесті. Кездесу Британ кеңесі мен "Эйр Астана" ұйымдастырған Ұлыбританиядағы оқу-танымдық сапар кезінде өтті", - делінген хабарламада. 

Исаак Британ кеңесі және технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі (NATD) ұйымдастырған STEM Ұлттық инновациялар конкурсында "Теория гармонии" атты видеоролик үшін арнайы жүлдеге ие болған. Өз видеосында ол ғарыш аппараттары үшін электр қуатын өндіру жолын сипаттап берген болатын.  

Сонымен бірге, өз видеосында Исаак әспеттеп жүрген профессор Стивен Хокингпен кездескісі келетінін айтқан болатын. Баланың арманы бұрынғы инвестициялар және даму министрі, Астананың қазіргі әкімі Әсет Исекешевтің және "Эйр Астана" президентінің арқасында орындалды. Олар Исаактың Лондонға бара алуы үшін Британ кеңесімен ықпалдасқан болатын. 

"Стивен Хокингтің ғылыми зерттеулері мен ғылымға қосқан үлесі маған шабыт беріп жүрді. Оның үлгісі арқылы мен кез келген адам физикалық жағдайына қарамастан биік жетістіктерге жете алатынын түсіндім. "Теория гармонии" бойынша ұзақ еңбектендім, ал инновация конкурсы туралы естігенімде өз еңбегімді көпшілікке таныстырып, мүмкіндігің шектеулі болғандығы арманыңа жету жолында бөгет болмайтынын дәлелдеуге жақсы мүмкіндік екенін түсіндім", - деп келтіреді Исаак Мустопулоның сөзін Британ кеңесі. 

Стивен Хокингпен кездесуден бөлек, Ұлыбританияға сапары барысында Исаак Лондондағы белгілі ғылым мұражайы, Кембридж университеті мен Британ кеңесінің штаб-пәтеріне баратыны аталып өтті.

Еске салайық, тараздық оқушы мен ағылшын ғалымының кездесуі 2016 жылдың 8 желтоқсанында өту керек болатын. Ол кезде қазақстандық оқушының сапарын 2017 жылдың 21 қаңтарына шегерген еді. Осыдан кейін Ствен Хокингтің сырқатына байланысты кездесу белгісіз уақытқа шегерілгені хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети