19 қыркүйек 2018 09:06

Храпуновтардың ісінде жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook © facebook

Виктор мен Лейла Храпуновтың ісінде жаңа фигуранттар пайда болуы мүмкін. Прокурорлар судьядан материалдарды қосымша тергеуге жолдауды сұрап отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Виктор мен Лейла Храпуновтың ісінде жаңа фигуранттар пайда болуы мүмкін. Прокурорлар судьядан материалдарды қосымша тергеуге жолдауды сұрап отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мемлекеттік айыптаушылар тергеу барысында барлық куәгерден жауап алынбағанын айтады.

"Сот өкілетті органға сауалға жолдады. Қазіргі уақытта сотта ол жауаптар толық көлемде келмеді. Менің ойымша, мүлік иелерін анықтау үшін көрсетілген тұлғалардан сот барысында жауап алып, тыйым салынған мүлік пен нысандарды зерттеуге алу керек", - деді прокурор Алмас Байбарақов.

Тергеу мәліметінше, бұл деректер Алматының экс-әкімі мен оның туыстары ұйымдастырған қылмыстық топтың қалай жұмыс істегенін анықтай алады.

Осылайша, телеарна мәліметінше, қылмыстық топтағы адамдардың саны артуы мүмкін.

Виктор Храпуновтың тұратын мекенжайы

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Лейлаға ірі көлемдіе алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети