22 қазан 2014 11:50

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманғали Тасмағамбетов. ©astana.gov.kz Иманғали Тасмағамбетов. ©astana.gov.kz

Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасмағамбетов Астана қаласы әкімі қызметін 2008 жылдың сәуірінен бері атқарды. Ол еңбек жолын Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы ОК бірінші хатшысы (1989 жылы) және ҚР Жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасы (1991 жылы) болып бастады. 

90-жылдары ол ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Білім және мәдениет министрі болды. ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары - Президент Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 

1998 жылы ҚР Президентінің бірінші көмекшісі, 1999 жылы Атырау облысының әкімі болды. 2000 жылдың желтоқсанынан бастап, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, 2002 жылдан бастап, ҚР Премьер-министрі қызметтерін атқарды. 2003 жылы Мемлекеттік хатшы, бір жылдан соң ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі болды. 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети