Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Иманғали Тасмағамбетов Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді

20 Наурыз 2016, 10:18
0
Иманғали Тасмағамбетов. © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Иманғали Тасмағамбетов. © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Назарбаев университетінде ұйымдастырылған № 97 сайлау учаскесінде өз азаматтық парызын орындады. Кезектен тыс сайлауда дауыс беруге ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысып жатыр. Олардың арасында Қорғаныс министрлігі, Бас штабы мен ҚР Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің, орталық бағыныстағы бөлімдер мен мекемелердің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері бар.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстандық армияның әскери қызметшілері азаматтық борышты орындау, таңдау жасау және әрбір дауыстың маңызды екенін жете түсінеді. Сондықтан ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері, құрылымдық бөлімшелері мен мекемелері жаппай кезектен тыс сайлауға белсене қатысты", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады. Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай