Иманғали Тасмағамбетов "Талхиз" қалашығы маңындағы құрылысты тоқтатты

viewings icon 214 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін, 27 қазан күні ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысы Талғар ауданындағы "Талхиз" орта ғасырлық қалашығының сақталуы мәселелері бойынша көшпелі кеңесс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда мәдени мұра нысанын сақтап қалудың өзектілігі өте маңызды саналады. Еске салайық, 2014 жылдан бері қарай тарихи нысан халықаралық мәртебеге ие, оны пайдалану, қорғау, сақтау және басқаруда 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісім - Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвенцияның тәртібі мен нормасы қолданылады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 27 қазан күні ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысы Талғар ауданындағы "Талхиз" орта ғасырлық қалашығының сақталуы мәселелері бойынша көшпелі кеңесс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда мәдени мұра нысанын сақтап қалудың өзектілігі өте маңызды саналады. Еске салайық, 2014 жылдан бері қарай тарихи нысан халықаралық мәртебеге ие, оны пайдалану, қорғау, сақтау және басқаруда 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісім - Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвенцияның тәртібі мен нормасы қолданылады.

Кеңес барысында вице-премьер атап өткендей, осынау Конвенцияны ратификациялау осы мұраны қорғау, сақтау, қайта қалпына келтіру және насихаттау үшін құқықтық, ғылыми, техникалық, әкімшілік және қаржылық шараларды қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жауапкершілік пен міндеттемелерді жүктейді. Алайда, Талхиз қалашығы жағдайында жоғарыда аталған миссияны орындауда мемлекеттік органдардың алдын-ала келісілмеген іс-қимылы нысанды әлемдік мұра тізімінен алып тастауға себеп болмақ.

"Бұл орайда, тарихи нысанның ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұра тізімінде қалуы және терең археологиялық зерттеуге берік негіз қалыптастыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Сондықтан, алдағы тәжірибелік іс-қимылдарды орындауда нақты нәтижелерді білу үшін ғылыми-барлау зерттеулерден тұратын кешенді шараларды жүзеге асыруымыз қажет" - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарымен келесі шешімдер қабылданып, нақты тапсырмалар берілді: - Біріншіден, Талғар (Талхиз) қалашығының маңындағы барлық құрылыс жұмыстары тоқтатылсын; екіншіден, Алматы облысының әкімдігі қорғау аймағынан тыс жаңа айналма жол құрылысын жобаласын және жүргізсін; үшіншіден, жергілікті жердің бедерін қалпына келтірсін, атап айтқанда, жол төсемін салу үшін қазылған арықтарды топырақпен жапсын; төртіншіден, қорғалған аймақтың айналасына қоршау орнатсын, сондай-ақ, ғимараттың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етсін, оның ішінде жер асты суларынан қорғау, ескерткіш маңындағы арықтарды құрғатсын; бесіншіден, әкімдік қосымша археологиялық зерттеулер жүргізу үшін облыс бюджетінен қаржы бөлсін; алтыншыдан, Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясымен бірлесіп тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша тиімді жоспарлау және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.

Айта кетейік, алдағы айда Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов орын алған жағдайды шешу мақсатын Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан тиісті шаралар жүргізіліп жатқандығы жөнінде ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен келіссөздер жүргізеді.

Еске сала кетейік, Талхиз қалашығы қазіргі Қазақстан, Қырғызстан және Қытай аумағында орналасқан Ұлы жібек жолы бойындағы орта ғасырлық 33 қалашықтың бірі саналады. 2014 жылы Талхиз ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

6°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю