08 ақпан 2022 13:44

Импорттық ескі-құсқы көліктер үшін нарық ашуға болмайды - Тоқаев утильалым туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Автокөлікке және ауыл шаруашылығы техникасының утильалымы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Автокөлікке және ауыл шаруашылығы техникасының утильалымы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы утильалым мөлшері қайта қаралатынын атап өтті, бірақ Тоқаевтың ойынша, бұл мәселеде шектен шығудан аулақ болу керек.

"Барлық қаражат мемлекетке түседі. Енді мөлшерлемені анықтау қажет. Жұмыс тобы бұл мәселені белсенді талқылап жатыр. Бірден айта кету керек, утильалымды қайта қарастырамыз. Бірақ шектен шығудан аулақ болу керек, автоөнеркәсіпті дамытуға жұмсалған ақшаны желге шашып, ашық импорттық ескі-құсқы көліктер үшін өз нарығыңызды ашуға болмайды", - деді ол.

Президент мақсат қайта өңдеу немесе тіркеу алымының өзі емес екенін айтты. Тоқаевтың сөзінше, ең бастысы - тұтынушылар үшін автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімді болуы.

"Мен өндірушілер мен дистрибьюторлардың реакциясын күтемін. Үкіметтің алдын ала баяндамасы оның дұрыс жолда екенін көрсетеді", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети