1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Импорттық өнімдерді отандық тауар ретінде көрсету әлі де бар - Тоқаев 11 ақпан 2021, 16:39

Қасым-Жомарт Тоқаев Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумында Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алуларда
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумында Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алуларда жергілікті өніммен қамтамасыз ету мәселесін көтергенін айтты. Сондай-ақ, бизнестің басты қаупі не екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, отандық өндірісті дамытуда квазимемлекеттік секторға, әсіресе, "Самұрық-Қазына" қорына өте маңызды міндет жүктеліп отыр. Мемлекет қор арқылы бизнестің кез келген түріне қолдау көрсете алады. Президент өз сөзінде бірлескен инновациялық әзірлемелердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, қорға қарасты ірі кәсіпорындардың айналасында құн тізбегін құруға, инфрақұрылыммен көмектесуге, адам капиталын дамытуға, экспорттық нарықтарды игеруге басымдық берді.

"Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алуларда жергілікті өніммен қамтамасыз ету мәселесін көтердім. Сатып алу конкурстарында импорттық өнімдерді отандық тауар ретінде көрсету әлі де кездеседі. Бұны мойындау керек. Мұндай жағдайлар жауапкершіліктен жұрдай кәсіпкерлер мен квазимемлекеттік сектордың осындай әрекетке көз жұмып қарайтын қызметкерлерінің кесірінен орын алып отыр. Бұл бизнестің басты қаупі, оның дамуына кедергі келтіреді. Біз қазірдің өзінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін тиісті әкімшілік жауапкершілікті енгіздік. Үкімет те, қор да бұл мәселені қатаң бақылауы керек. Кәсіпкерлер мұндай мәселелердің тез әрі тиімді шешілуін күтеді", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өнімді анықтайтын әдістің өзін жетілдіру керек деп санайды. Ал онда екіұштылық пен әртүрлі түсінік болмауы керек. Бұл өз кезегінде  өнеркәсіп саясатын дұрыс құруға, қолдау механизмдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сатып алу процесінің барлық кезеңдерін ашық өткізу маңызды жұмыстың бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!