inDriver Қазақстан билігімен соттасуға ниетті - БАҚ

13 Шілде 2016, 09:02
0
inDriver Қазақстан билігімен соттасуға ниетті - БАҚ - © Kazpravda.kz
© Kazpravda.kz

inDriver такси қызметінің өкілдері абыройын сақтап қалу үшін Қазақстан билігімен соттасуға ниетті. Бұл туралы ұялы қосымшаның басшылығы "Новый вестник" басылымына берген сұхбатында айтты. 

Ресейлік компанияның өкілдерінің айтуынша, олардың республика жұмысында жұмысы заңды. "Қосымшаны Қазақстанда техникалық құлыпқа түсіру сот тәртібінде жүзеге асырылмады. Біз оны заңсыз деп есептейміз және сот тәртібінде дәлелдемекпіз", - деп мәлімдеді ұялы қызметтің баспасөз хатшысы Надежда Алексеева.

"inDriver - толықтай заңды интернет-сервис, ол халыққа зор пайдасын тигізеді, бұл қызмет нәпақа табуға және сапарды ыңғайлы, арзан әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді, әсіресе көшедегі таксилермен салыстырғанда. Жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерді тартуға ниет білдіріп отырмыз, оларға құқық саласында және құжат тіркеуде көмекке әзірміз. Біз Қазақстандағы ресми тасымалдаушылармен келісімшартқа отырдық, олар жеке жүргізушілердің қызметін тасымалдау ережесімен сәйкестендіреді", - деп түсіндірді Алексеева.

Басылымның мәліметінше, осыған дейін қарағандылық таксилердің гильдиясының өкілі Виктор Шабанов inDriver қызметінің тасымалдаушылар арасында тәртіп орнатуға кедергі болып отырғанын айтқан. 

"Ережеде бәрі қарапайым жазылған, - дейді Виктор Шабанов. - Жүргізушінің кем дегенде диспетчер қызметі болуы тиіс. Бұл не үшін? Мәселен, ол жолаушыны алды делік, бірақ жолда көлігі бұзылып қалды, диспетчерге хабар беріп, жолаушыны басқа көлік келіп, барар жеріне жеткізіп тастайды. Ал қосымша арқылы тасымалдайтын жүргізуші мұндай жағдайда не істейді? "Болды, бұзылып қалды, түсіп қалыңыз, сау болыңыз" дейді. Ешкімге шағым да айта алмайсыз. Оның жолаушы сақтандыруы, 500 метрден көрінетін жарықшасы, көлік бейджі, техникалық байқаудан өткенін айғақтайтын жол парақшасы және медициналық байқаудан өткені жайлы анықтамасы жайлы шарттары тағы бар".

2016 жылдың сәуірінде ресми тасымалдаушылардың көптеген арыз-шағымынан кейін байланыс комитеті Қазақстан территориясында inDriver қызметіне кіруді шектеу туралы шешім қабылдаған болатын. Кейін inDriver қайта жұмыс істеп тұрды. Енді қарағандылық такси жүргізушілері виртуалдағы әріптесінің үстінен тағы да шағым түсіріп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай