18 тамыз 2016 13:00

Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам - Дариға Назарбаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева © Тұрар Қазанғапов Дариға Назарбаева © Тұрар Қазанғапов

Үкімет Үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат және ұлттық және аймақтық брендтерді қалыптастыру бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pm.kz сайтына сілтеме жасап.


Үкімет Үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат және ұлттық және аймақтық брендтерді қалыптастыру бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pm.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ақпараттық саясат стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстағы өзара іс-әрекеті жүйесіндегі ағымдағы жағдай туралы мәлімдеді.  

Бұдан өзге, Дәурен Абаев министрліктің Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жұмысының ережелері жасалғанын баяндады, оның аясында уәкілетті лауазымды тұлғалар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жеке жауапты болады.

ҚР премьер-министрінің орынбасары орталық мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және облыс әкімдіктеріне Ақпараттық жұмыс ережелерін зерттеп, өз ұсыныстарын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жіберуді тапсырды.

"Әр мемлекеттік орган мемлекеттің ақпараттық-идеологиялық жұмысында заманауи әдіс-тәсілдерді және ақпарат берудің жаңа форматтарын қолдануы тиіс. Біз қазір басқа қоғамда өмір сүреміз - ештеңені жасыру мүмкін емес. Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам назар аударады. Бүгінде біз осындай бәсекелі күресте ұтылып келеміз. Сондықтан барлығы әлеуметтік желілер мен Интернетте жұмыс жасауды үйренуі тиіс", - деді Назарбаева.

Отырыс қорытындысында Назарбаева ведомствоаралық, оның ішінде аймақтардың орталық мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеті қажет екенін баса айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети