06 сәуір 2017 10:45

Италиялық кәсіпкерлер Алматы облысына инвестиция құюға мүдделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов италиялық делегациямен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов италиялық делегациямен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі тараптың қарым-қатынастағы мүдделі экономикалық байланыстары туралы кеңінен сөз болды. 

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, басым бағыттары туралы баяндаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов италиялық кәсіпкерлермен бұл әңгімелесу одан әрі тиімді жобаларға ұласатынына сенім білдірді.

Кездесуге келген Италияның 4 ірі INFORTRADE SRKS, Garmet, Brio, Longo компаниясының басшылары өздерінің айналысатын саласы, өндірісі, бағыт-бағдары мен жоспарлары туралы қысқаша баяндап өтті.

Қоқыс өңдеумен, жаңартылған энергия көздерін дамытумен, темір бұйымдарын шығарып, құрылыс жүргізумен, жеңіл өнеркәсіппен айналысатын бұл компаниялар Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытатынын жеткізді.

Кездесу соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Елбасының алдымызға қойып отырған ауқымды міндеттерінің бірі инвестиция тарту екенін, облыс аумағында бірқатар маңызды жобаны іске асыруға мүдде танытқан еуропалық кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айта келе, ресми қонақтардың істеріне сәттілік тіледі.

Жүздесуден кейін италиялық делегация Кәсіпкерлер палатасында облыс және қала әкімдігі мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетінжиынға қатысап, онда нақты жобаларды іске асыру жолдары талқыланады деп күтіледі. Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралайды деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети