19 қаңтар 2023 11:25

Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайт мәліметінше, оқиға 17 қаңтарда болған. Салерно университетінің 27 жастағы докторанты көшеден өтіп бара жатқан. Сол кезде 20 жастағы жүргізуші тізгіндеп бара жатқан Peugeot 308 жүргізушісі оны жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Жол апаты Станислао Листа көшесінде, Джузеппе Верди опера театрының маңында болған.

L'Occhio di Salerno италиялық басылымының мәліметінше, 20 жастағы жүргізуші жігіт бірден тоқтап, қажет медициналық көмек көрсете бастаған. Алайда Қызыл крест пен Humanitas өкілдері қазақстандық студент қайтыс болғанын анықтаған. Жүргізуші жігіт ішімдік тестін тапсырған. Нәтижесі теріс болып шыққан. Жол апатын тергеумен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети