Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Израильдегі қақтығыс аймағына бармауға кеңес берілді 14 шілде 2014, 13:30

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Израильде емделіп жатқан қазақстандықтардың Тель-Авивтегі атыстың куәгері болғанын хабарлаған еді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©РИА Новости ©РИА Новости

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Индустрия және туризм комитеті қазақстандықтарға Израиль мен Палестинаның қақтығысу аймағына бармауға кеңес береді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ведомство басшысы Марат Иғалиев 

"Израильдегі ахуалдың ушығуына байланысты ҚР Индустрия және туризм комитеті Израиль мен Палестина аумағында жүрген қазақстандықтарға сақтық шараларын ұстанып, қақтығыс аймақтарынан аулақ жүруге, атыс болуы мүмкін орындарға бармауға кеңес береді", - дейді комитет төрағасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Израильде емделіп жатқан қазақстандықтардың Тель-Авивтегі атыстың куәгері болғанын хабарлаған еді. 


Join Telegram