11 желтоқсан 2014 19:16

Жабайы жылқы тұқымын қазақ даласына әкелуге қаржы жиналып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото club.foto.ru сайтынан Фото club.foto.ru сайтынан

Табиғат жанашырлары Қазақстан жерінде құрып кеткен керқұланды (Пржевальский жылқысы) қайтару үшін 330 мың теңгелерін құрбан етті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан биолуантүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасап. Астана тұрғындарын табиғатты қорғау үшін игі іс жасауға шақыратын қайырымдылық балы өтті. 


Табиғат жанашырлары Қазақстан жерінде құрып кеткен керқұланды (Пржевальский жылқысы) қайтару үшін 330 мың теңгелерін құрбан етті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан биолуантүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасап. Астана тұрғындарын табиғатты қорғау үшін игі іс жасауға шақыратын қайырымдылық балы өтті. 

Керқұлан - әлемдегі жабайы жылқы түрінің ең соңғысы. Ол бір кездері қазақ даласын мекендеген, бірақ 150 жыл бұрын жойылып кеткен. Қауымдастықтың мәліметінше, 2011 жылы қазақстандық және халықаралық серіктестер жабайы жылқыны табиғатқа қайта жіберуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірінші партияда алты жылқы болады деген мәлімдеме бар, олар Нюрнберг (Германия) хайуанаттар бағынан Орталық Қазақстан "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи қорығына (Қостанай облысы) 2016 жылы жіберіледі. 

Алайда қазақ даласына бұл жабайы жылқыны қайтару үшін қаражат қажет, сол үшін Қазақстан биолуантүрлілікті сақтау қауымдастығы Дала қайырымдылық балын ұйымдастырды. Шараның өтуіне фотографтар, Ерлан Көкеев, Күміс Базарбаев, The Redlights тобы бастаған музыканттар атсалысты. Мұндай форматтағы табиғат қорғау акциясы тұңғыш рет тек Астанада ғана емес бүкіл Қазақстанда ұйымдастырылды, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бал есебінен жиналған қаржының жалпы көлемі - ұйымдастырушылардың есебі бойынша 2 миллион теңге шамасында. Қаржы балға кіру билеттерін, фотокартиналарды сату арқылы, ұйымның қайырымдылық дүкендері мен қауымдастық құрамына кірген жаңа қолдаушылардан түскен ақшамен жиналды, айта кетейік кез келген табиғат жанашыры бұл қауымдастыққа мүше бола алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан биолуантүрлілікті сақтау қауымдастығы директорының орынбасары Сергей Скляренко 2016 жылдың көктемінде әкелінетінін хабарлаған еді. Ол қазірдің өзінде елімізге жылқының бұл тұқымының бір басы келгенін айтты.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети