Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Жәбірленушілер Өтембаевтың сотына министрді шақыруды сұрады

29 Қаңтар 2014, 15:23
0
Ержан Өтембаев. ©Роза Есенқұлова
Ержан Өтембаев. ©Роза Есенқұлова
Ержан Өтембаевтың ісі қайта қаралып жатқан сотта жәбірленуші тарап куәгер ретінде Ішкі істер министрлігінің басшысын шақыруды сұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Жәбірленуші жақ министр Қалмұханбет Қасымовты, министрліктің бұрынғы басшысы Бауыржан Мұхамеджановты, Астана қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіровті (Сәрсенбаев өлтірілген кезде Алматы қалалық ІІД-де жұмыс істеген) және тергеуші Гаши Машанлоны шақыруды сұрап, өтініш жазған.

Сәрсенбаевтың туыстары сол кезде вице-министр болған Қасымовтың кісі өлтіру қылмысы жасалған кезде киллермен сөйлескенін, бұл әңгіменің тергеуге берілгенін айтып отыр. Жәбірленушілердің адвокаттары Қасымов пен Ибрагимовтың не жайлы сөйлескенін білгісі келеді.

Прокурорлар алдымен сотқа шақырылып қойған куәгерлерден жауап алуды түгел аяқтау керектігін айтып, бұл өтінішті қолдамай тастады. Бұл өтінішті Өтембаевтың адвокаты да қолдамады. Судья Асқарбек Бейімбетов сотқа қосымша куәгерлерді шақыру мәселесін ашық күйінде қалдырды.

Сот процесінің басында жәбірленуші тараптың судьяға қарсылық білдіргенін айта кету керек. Олардың пікірінше, төрағалық етуші тұлға заңбұзушылықтарға жол берді. Адвокаттар судьяның жәбірленушілер қойған сауалдарды іске қатысы жоқ куәгерлерге бағыттауына наразы болды. Жәбірленушілердің пікірінше, Бейімбетов заттай айғақтарды, атап айтқанда, тапаншаны объективті түрде зерттемеген. Сонымен бірге, Сәрсенбаевтың туыстары отырыс кезінде үзілістердің жиі жасалғанына да наразы болып, "судья бұл іске жанама түрде ғана мүдделі болып отыр" деген пікір білдірді.

Прокурорлар бұл қарсылықты тағы қолдамады, Өтембаевтың адвокаты да бұл қарсылыққа қатысты дәйектерді негізсіз деп тапты. Оның пікірінше, судьяны ауыстыру процесті одан әрі созып жібереді. Келтірілген қарсылықты судья Айгүл Қасенова қарап, оның қабылданбайтынын жеткізді.

Бұған дейін осы сот процесі кезінде киллер Рустам Ибрагимовтің жауап бергенін хабарлаған едік. Ол кісі өлтіруге тапсырыс берген Әлиевпен және Мұсаевпен жақсы байланыста болғанын, ал Өтембаевпен Сәрсенбаевты өлтіру жайлы мүлдем талқыламағанын айтты.

Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бергені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ осы іске байланысты жаңа мәліметтер пайда болғалы бері оның ісі қайта қаралып жатыр. Өтембаевтың түрмеде отырғанына сегіз жыл болды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай