25 тамыз 2021 17:33

"Жағымсыз сценарий". Бекшин Алматы эпидахуалын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы ұжымдық иммунитет туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы ұжымдық иммунитет туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен брифингте қаланың бас санитария дәрігері қалада коронавирустың "төртінші" толқыны жалғасып жатқанын айтты. Эпидемияның шыңы 12 тамызда тіркелген, сол күннен бері қалада күніне 1500-1600 жағдай тіркеліп жатыр. Сонымен қатар, тамыздың басынан 25-іне дейін 36 мың жаңа коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Бұл жыл басынан бергі көрсеткіштің 31 пайызы.

Бекшин Алматы эпидахуалы жағымсыз сценариймен келе жатқанын айтты, тамыздың соңына дейін тағы 11 мың коронавирус жұқтыру дерегі тіркелуі мүмкін. Жағдай қыркүйектің екінші жартысында тұрақталады деген болжам бар.

"Алматыда 25 тамыздағы мәлімет бойынша, вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін иммундық көрсеткіш халықтың 41 пайызы болды", - деді Бекшин.

Сонымен қатар, R саны (инфекциялардың берілу индексі) айдың басындағы 1,2-ден 25 тамызға дейін 1,03-ке дейін төмендеді, бұл эпидемиялық толқынның рецессиясының басталуын білдіреді.

Коронавирусты жұқтыру бұрынғыдай, 20-39 жас аралығындағы азаматтарда жиі - 33,5 пайыз, 40-59 жастағыла арасында - 25,2 пайыз және 60 жастан асқандар арасында - 23,1 пайыз, қалған 18 пайыз балалар және жасөспірімдер арасында.

Көбінесе, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар мен жұмыс істемейтіндер ауырады - 39 пайыз. Бүгінде инфекция жұқтру жиі кездесетін негізгі бес орнынға сауда нысандары - 32 пайыз, отбасы - 16 пайыз, қоғамдық көліктер - 17,1 пайыз, базарлар - 13 пайыз кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети