14 сәуір 2017 11:02

Жақып Асанов әйелі мен балаларын ұрып-соққан прокурор жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов тұрмыстық зорлық мәселесі жайлы айтатын кезде әріптесінің бір сөзін есіне алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР бас прокуроры Жақып Асанов тұрмыстық зорлық мәселесі жайлы айтатын кезде әріптесінің бір сөзін есіне алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өмірімде болған бір жағдай есіме түсіп кетті. (...) 80-жылдардың соңына маған бір прокурор кісі әңгімеміз барысында кеңес берген еді: "Жақып, сен білесің бе, мен жақында зейнетке шығамын. Кезінде бір қателік жасадым. Әйелім мен кішкентай балаларыма қол көтердім, ұрдым. Қазір осының барлығы маған айналып келді. Әйелім науқас, ол менің сол кезде көрсеткендерімді кешіре алмай жатыр және маған қатты ренжулі. Балаларым да маған суып кеткен. Анасына жандары ашиды. Осымен саған не айтқым келіп тұр? Ешқашан да балаларына, әйеліне қол көтерме. Осымен менің өмірім соңына жетті". Содан біраз уақыт өте келе ол адам қайтыс болды", - дейді прокурор Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиянның кеңейтілген отырысы барысында.

Сонымен қатар, ол 1938 жылы Гарвард университетіндегілердің ұзақ әрі бақытты өмірдің құпиясын анықтауға бағытталған зерттеу жүргізгенін айтып өтті. Ғалымдар 75 жыл бойы АҚШ-тың 724 азаматын бақылаған екен.

"Олардан жыл сайын сауалнама алынып тұратын. Адамдардың 80 пайызы зерттеудің басында оларды байлықтың бақытты ететінін, ал 60 пайызы оларды абырой, даңқ бақытты етеді деп айтқан. Осылайша, 2015 жылы ғалымдар зерттеудің нәтижесін көрсеткен. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, адамдарда байлық та, даңқ та бақытты етпейтінін көрсетеді. Бақытты өмір сүрудің құпиясы - отбасындағы амандық, үйдің ошағы мен қоршаған орта", - деді Асанов.

Оның айтуынша, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда әйелдерге қатысты жасалған қылмыстың саны 90 пайызға көбейген. Әрбір үшінші өлім, бас прокурордың айтуынша, отбасындағы тұрмыс жағдайларында болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети