11 желтоқсан 2017 16:31

Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© prokuror.gov.kz © prokuror.gov.kz

Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады", - делінген Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында.  

Еске салайық, 2016 жылы 25 сәуірде Жақып Асанов Қазақстанның Бас прокуроры болып тағайындалған еді. Оған дейін ол ҚР Бас прокурорының орынбасары болған.

Асанов Жақып Қажманұлы 17.08.63 жылы Қызылорда қаласында туылған. 1985 жылы  Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығын тәмамдаған, сосын Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына машықтанушы (стажер) болып еңбек өтілін бастаған. Жарты жылдан кейін Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі болып тағайындалады. 1986-1993 жылдар аралығында Қызылорда облысының прокуратура органдарында прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратураның бөлім бастығы қызметтерін атқарады. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратына Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры қызметіне ауысып, 4 айдан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының Банктер, қаржы-несие саласындағы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. 1995 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің кеңесшісі қызметіне ауысып, бір жылдан кейін осы бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалады.

1996- 1997 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады. Кейіннен, 1997 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратына Бас прокурордың аға көмекшісі - Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары болып қайта оралады. Бір жылдан кейін басқарма бастығы, одан кейін Бас прокуратураның Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2001 жылдан 2002 жылға дейін Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне кіріседі, ал 2002 жылдың ақпан айынан 2003 жылдың маусым айына дейін - Павлодар облысының прокуроры, одан соң екі жыл Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі қызметін атқарады.

Қазақстан жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің "Атамекен" Жалпыұлттық Одағының атқарушы директорының орынбасары, ал 2006 жылдың наурыз айынан 2007 жылдың 1 қыркүйегіне дейін - "Ордабасы" корпорациясы" АҚ-ның президенті және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр. "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалімен марапатталған және "Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері" атағының иегері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети