©Нұрғиса Елеубеков
Бүгін Жалағаш ауданының орталығы Жалағашта 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі орай сәукелелер байқауы өткізілді. Оған аудандағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындардан 20-дан астам команда келіп, жұртшылық назарына 260-тан астам сәукеле ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, осы арқылы жас ұрпақ бойында ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға әбден болады. Өйткені, бүгінгі буын көп жағдайда қазақтың салт-дәстүрінен хабарсыз болып жүргені белгілі. Аталмыш байқауға балабақшалар мен мектептегі технология пәнінің мұғалімдері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша аудандық оқушылар үйінің ұжымы бас бәйгеге ие болды.
Бүгін Жалағаш ауданының орталығы Жалағашта 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі орай сәукелелер байқауы өткізілді. Оған аудандағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындардан 20-дан астам команда келіп, жұртшылық назарына 260-тан астам сәукеле ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, осы арқылы жас ұрпақ бойында ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға әбден болады. Өйткені, бүгінгі буын көп жағдайда қазақтың салт-дәстүрінен хабарсыз болып жүргені белгілі. Аталмыш байқауға балабақшалар мен мектептегі технология пәнінің мұғалімдері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша аудандық оқушылар үйінің ұжымы бас бәйгеге ие болды.