17 шілде 2014 13:07

Жалған дәрі-дәрмек сатқандар қылмыстық жазаға тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mamcompany.ru ©Mamcompany.ru

Енді жалған дәрі-дәрмектер сатқан азаматтар қылмыстық жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға сілтеме жасап. 


Енді жалған дәрі-дәрмектер сатқан азаматтар қылмыстық жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Қазақстанға сырттан келген дәрі-дәрмектің 1500 атауы тіркеуден өтпей қалды. Бұл - барлық фармацевтикалық тауарлардың бестен бір бөлігі. "Дәрі-дәрмектің 97 партиясы, ол дәрінің 1 миллион 300 мыңнан астам орамы, сондай-ақ 11 мың келі субстанция, Қазақстан территориясында одан дәрі-дәрмектер жасалады, осының барлығы сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай емес деп танылды. Біз өз кезегімізде Қылмыстық кодекске тиісті ұсыныстарды жасадық. Оған сәйкес, жалған дәрі-дәрмектерді таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Енді солай болады. Бұрын тек әкімшілік жаза ғана тағайындалып, айыппұлдар салынатын", - деді бүгін Қайырбекова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. 

Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан азаматтарының 42%-ы дәрі-дәрмекті жарнама арқылы сатып алады. Әрбір екінші қазақстандық дәрігердің рұқсатын алмай, сан алуан антибиотиктерді қабылдайды. Осыған байланысты Қайырбекова дәрі-дәрмекті алған кезде аса сақ болуға кеңес беріп отыр. Алдымен шығарушы туралы мәліметті, тауардың сипаттамасын және тағы басқа ақапаратмен жан-жақты танысып алған жөн.  

Айта кетейік, бүгінде жалған дәрі-дәрмектің әлемдік айналымы артып келеді. Оның көлемі 75 миллиард долларды құрап отыр. Ондай дәрілердің 51%-ы Азия елдерінде сатылады. "Ал Қытайға географиялық орналасу жағынан жақын болуымыз біздің фармацевтикалық нарығымызға қауіп төндіріп отыр. Себебі контрафактілік дәрілердің дені сол елден жеткізіледі", - деп атап көрсетті Қайырбекова.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети