27 қаңтар 2016 | 19:02

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ми-2 полицияның тікұшағы болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ми-2 өңірдегі ішкі істер департаментінің тікұшағы болып шықты. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрлігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ми-2 өңірдегі ішкі істер департаментінің тікұшағы болып шықты. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрлігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.

Жауапта UP-МI223 тіркеу номерлі Ми-2 тікұшағының Қазақстан Республикасының азаматтық әуе соттарының мемлекеттік реестрінде бар екендігі хабарланып отыр. 

"Ми-2 UP-МI223 ұшағының иесі - "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі. МИ-2 UP-МI223 тікұшағын "Тараз Жаңа Әлем" ЖШС пайдаланады", - делінген жауапта.

Сонымен қатар, "Тараз Жаңа Әлем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір Ми-2, бір Як-18Т және он дана Ан-2 әуе кемелерін қолданатыны белгілі.

"Тараз Жаңа Әлем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы 23 қаңтарға дейін ереже бұзбаған", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске салайық, 23 қаңтарда Жамбыл облысында тікұшақ құлаған болатын. Оқиға орны Тараз қаласынан 220, ал аудан орталығынан шамамен 100 шақырымда болған. Сонымен бірге, зардап шеккен пилотты куәгерлердің Тараз қаласындағы №1 ауруханаға жеткізгені белгілі болды. Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети