08 мамыр 2020 22:05

Жамбыл облысында ардагерлер ардақталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халқымыз асылын ардақтап, қариясын құрметтеген, өмірден көргені, көңілге түйгені мол, тыңдай білгенге ақыл-ойы алтын көмбе ардагерлерді әспеттеп, оларға құрмет көрсету-баршамыздың парызымыз. Отан үшін от кешіп, жалынды жастық шағын соғыс өртінде өткізген соғыс ардагерлерінің қатары күн санап азайып барады.
Жамбыл облысы ҚХА "Жаңғыру Жолы" жастар қозғалысының, өңірлік штаб жастарының ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету игі дәстүрге айналды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай мереке қарсаңында ардагерлерге атаулы көмек көрсетуге және жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеуге бағытталған #Жеңіс үшін рақмет! акциясы аясында штаб өкілдері ардагерлердің үйіне барып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Ардагерлерді құттықтай отырып, жастар қозғалысының төрайымы Хамида Турдыева ардагерлердің ерлігін атап өтті: "Сіздердің басыңызға түскен қиындықтарды бағалау мүмкін емес, бірақ сіздердің ерліктеріңіз жүрегімізде мәңгі сақталады. Біздің бейбіт уақытта өмір сүріп жатқанымыз және әрбір жаңа күнді қуана қарсы алатынымыз үшін Сіздерге алғыс айтып, басымызды иеміз!"

Жас ұрпақ пен ардагерлердің кездесуі барлығына жағымды көңіл-күй сыйлады. "Жаңғыру Жолы" жастар қозғалысының жастары ардагерлерге алғыс білдіріп, денсаулық, сергектік пен амандық тіледі, сыйлықтар табыстады.

Ардагерлерге деген ілтипат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болып қала бермек. Жылы сөз бен ыстық ықыластың өзі де көңіліне демеу болатын ардагерлер облыстық штаб жастарына алғыстарын жаудырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети