1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері жанжалдан кейін жұмыстан шығарылды 26 қазан 2020, 15:01

Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алпысбай Батихан қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Алпысбай Батихан. Фото crbjualy-zhambylzdrav.kz Алпысбай Батихан. Фото crbjualy-zhambylzdrav.kz

Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алпысбай Батихан қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың шілде айында аудандық аурухананың қызметкері Фарида Жанбатырова "мекеме әкімшілігі коронавируспен күреске байланысты берілген үстемеақының бір бөлігін қайтаруды талап етіп жатыр" деп шағымданған. Шағымы әлеуметтік желіге жарияланған соң ауданға қызметтік тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия аттанған болатын.

Қызметтік тексеру нәтижесінде  Фарида Жанбатырованың келтірген кей деректері расталды. Ұжым ішінде жайсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқаны анықталды. Оған, бірінші кезекте, емдеу мекемесі әкімшілігінің кәсіптік міндеттеріне жауапсыз қарағаны әсер еткен", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, барлық материал құқық қорғау органдарына жіберілген.

"Тәртіп бұзғаны үшін бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А. Байтөреев қызметінен босатылды. Өз кезегінде бас дәрігер Алпысбай Батихан денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығып кеткен. Сондықтан еңбек заңнамасына сәйкес, оны қызметінен босату мүмкін болмады.

2020 жылдың 5 қазанында Алпысбай Батихан жұмысқа шығып, 20 қазан күні тағы бір рет уақытша жарамсыздық парағын аштырған. Денсаулық сақтау басқармасымен тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде емдеу мекемесі басшысының демалысқа негізсіз шыққаны анықталды.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушының 2020 жылдың 26 қазанындағы бұйрығына сәйкес,  Алпысбай  Батихан тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды", - деді ведомстводағылар. 

Еске салайық, 2020 жылғы шілдеде Жамбыл облысы Жуалы аудандық аурухананың қызметкері Фарида Жанбатырова "мекеме әкімшілігі коронавируспен күреске байланысты берілген үстемеақының бір бөлігін қайтаруды талап етіп жатыр" деп шағымданған.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Firebase Cloud Messaging