27 ақпан 2018 14:31

Жамбыл облысында бір ауылды су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысы Ақыртөбе ауылының тұрғындары су тасқынын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауыл тұрғындары барлық көшені су басып жатқанын айтады.


Жамбыл облысы Ақыртөбе ауылының тұрғындары су тасқынын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауыл тұрғындары барлық көшені су басып жатқанын айтады.

Видео авторының айтуынша, су тасқыны бүгін, 27 ақпанда басталды.

"Бұл Ақыртөбе. Су тасқыны. Барлығы анау жақтан басталды. 2018 жылдың 27 ақпаны. Міне, біздің үйді басты", - дейді видео авторы.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылындағы төтенше жағдайдың 27 ақпанда сағат 12.30-да болғанын айтты.

"Қардың еруі салдарынан Көктал көшесіндегі (№ 5, 7, 8, 13, 15) бес үйдің аумағын су басты. Әкімдіктің күшімен (15 қызметкер мен бір дана техника), Төтенше жағдайлар департаменті (төрт қызметкер мен бір дана техника), Төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімі (екі қызметкер мен бір дана техника) және жергілікті тұрғындар (20 адам) суды бұрып жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети