Жамбыл облысындағы жарылыс: радиация деңгейі тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы жарылыс: радиация деңгейі тексерілді Фото: Tengrinews.kz

Қазгидромет Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы өртке байланысты жоспардан тыс ауа сынамасын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы өртке байланысты жоспардан тыс ауа сынамасын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы 26 тамызда 19:10-да Байзақ аймағында орналасқан оқ-дәрі қоймасының өртенуіне байланысты Жамбыл облыстық "Қазгидрмет" филиалының зертхана қызметкерлері атмосфералық ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу және талдау үшін Байзақ ауданына барды.

Өрт шыққан Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85 тұрғын) елді мекендері Тараз қаласынан 20 шақырым қашықта, оңтүстік-шығыс бағытында орналасқан.

Қазгидромет хабарына қарағанда, ластаушы заттардың шоғырлануы қалқыма заттар (шаң), азот диоксиді/оксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, формальдегид және фтор сутегі секілді химиялық қосылыстар бойынша өлшенді. Өлшеу 5 нүктеде жүргізілді:

1) Тараз-Алматы трассасы, Тараз қаласынан 5 шақырым, оқ-дәрі қоймасынан 14 шақырым жерде. Радиация деңгейі - сағаты 0,12 микрозиверт.

2) Байзақ ауылынан 500 м бұрылыста. Оқ-дәрі қоймасынан 12 шақырым жерде. Радиация деңгейі - сағатына 0,17 микрозиверт.

3) Байзақ ауданы Үшбұлақ кентінің маңында. Оқ-дәрі қоймасынан 8 шақырым жерде. Радиация деңгейі - сағаты 0,15 микрозиверт.

4) Байзақ ауданы Жібек жолы кентінің маңында. Оқ-дәрі қоймасынан 3,5 шақырым жерде. Радиация деңгейі - сағатына 0,17 микрозиверт.

5) Сарыкемер ауылынан шығу жерінде. Оқ-дәрі қоймасынан 10 шақырым жерде. Радиация деңгейі - сағатына 0,15 микрозиверт.

"Өлшеу нәтижелері бойынша, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы мен радиация деңгейінің артуы анықталған жоқ", - деді Қазгидромет өкілдері. 

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірген. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети