27 тамыз 2021 18:04

Жамбыл облысындағы жарылыстар залалын кімдер бағалайды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы жарылыстар залалын үкіметтік комиссия бағалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысындағы жарылыстар залалын үкіметтік комиссия бағалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, премьер-министр Асқар Маминнің бұйрығымен 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған өрт пен жарылыстар салдарын жою үшін комиссия құрылған.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басқаратын комиссия құрамына:

  • Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев,
  • қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев,
  • төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин,
  • ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев,
  • еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту вице-министрлері және басқа да орталық мемлекеттік органдар кіреді.

Комиссияға залалды бағалау және өрт пен жарылыстар салдарын жою, зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау көрсету міндеті жүктелген.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 9-ға жеткені айтылған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети